Өлеңдер ✍️

  09.07.2023
  34


Автор: Серікбай Оспанов

Жарты едім, бүтінделдім...

Жарты едім, бүтінделдім,


Мұржамнан түтін көрдім.


 


Іргесі аласа үйдің


Биіктеп,


Бала сүйдім.


 


Шаттанар күнім келді,


Үйленді ұлым да енді.


 


Кең керіп керегемді,


Өбектеп немеремді,


Арманмен алға аттадым,


Өмірді ардақтадым.


 


Ақты күн, ақты жыл да,


Келді енді қарттығым да.


Кітаптай жалғасы бар –


Қызығым алда шығар?!


 


Ұрпағым даусың басым


Болып құз, тау шуласын.


Ошағым – Отанымның


Дәм-тұзы таусылмасын!


 


Жұмақта кез қылайын –


Үмітпен көз жүмайын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу