06.07.2023
  54


Автор: Астана күні

Құттықтаймын мерекеңмен, Астанам!

Құттықтаймын мерекеңмен, Астанам,
Әр күн сайын жарқырай түс жанданып.
Елордасы бір өзіңсің елімнің,
Көзін салар әр жеріңе таңданып.

Қазағыма шаттық күнін сыйлайтын,
Қуанышты көп болсыншы күндерің.
Көк аспаның баурап барлық адамды,
Жарқырасын ай-жұлдызды түндерің.

Жандана түс әрбір туған күніңде,
Еліміздің жүрегі сен Астанам.
Бір өзіңнен қуат алып, нәр алып,
Саған қарап бой түзейді бар қалам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу