06.07.2023
  65


Автор: Астана күні

Құтты болсын туған күні Астанам

Шілденің бұл алтысы келіп жеткен,
Құтты болсын туған күнің Астанам,
Көрігіңе көрік қосып күн сайын,
Жайнай берші, жасай берші бас қалам.

Еліміздің жүрегі сен, тірегі,
Әрбір ісің оңға бассын Астанам.
Бүкіл әлем бір өзіңе тамсана,
Бір өзіңнен бақыт тапсын барша адам.

Біреулерге арман болған Астанам,
Мықты болсын, биік болып қорғаның.
Еліміздің көшбасшысы болып сен,
Шаттықты да, шырайлы атсын таңдарың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу