Өлеңдер ✍️

  04.07.2023
  40


Автор: Серікбай Оспанов

Жолда

Ман далаға жанарды асырғанда,


Алдағы қыр алыста болды мұнар.


Жолды жұтып келеді машина алға,


Үркіп қашып барады тобылғылар.


 


Көз ұшында көкжиек дөңгеленді,


Дала жатыр байлығы ақтарылып.


Билей алмай келемін мен денемді,


Жігітпін ғой үйренген атқа мініп.


 


Біз келеміз тоқтамай ілгеріге,


Соңымызда бұралып шаң ұшады.


Шыр айналды даланың гүлдері де,


Жолды кесіп киіктер жарысады.


 


Жарыс десе кетпейді желігіп кім,


Шабыт беріп ашады дала құшақ.


Орындықты аңдамай тебініппін,


Атқа мініп келе атқан адам құсап...


 


Диірмендей бар маңай дөңгеленді,


Күле қарап бәріне күн ысып тұр.


Машинаға аң түгіл,


Жол береді


Жон арқасы тілінген ығысып қыр...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу