Өлеңдер ✍️

  04.07.2023
  52


Автор: Серікбай Оспанов

Жетімбұрыш

«Жетімбұрыш».


Баспана


Іздегендер барады.


Мекені оның – Астана,


Қыз-желеңдер барады.


 


Жарнамада жанары:


Жігіттер де барады.


Үміттер де барады.


Күдіктер де барады.


 


Жанға пәтер жалдаған


Таңдана да қалады.


Адамдарға арбаған


Алдана да қалады.


 


Адамды адам таңдаған,


Бұл да өзінше базар бір.


Жаман үйін жалдаған


Кемпір-шалдар азар жүр.


Жоғарыда нарық жүр,


Төмен қарап назар жүр.


 


Бұл Алматы «бұрышын»


Жаңа үйленген табады.


Пәтер іздеп күні үшін


Зар илеген табады.


Беріп қолдан ырысын


Жатыр бала-шағалы...


Баспана іздеп күні-түн,


Ардақтаған қаланы,


Үгіп-үгіп үмітін,


Студенттер табады.


 


Десек те енді жетілдік,


Қызметті де барады.


Жерге кіргір, жетімдік,


Қашан бізден қалады?!


Бұл не тірлік, не тірлік,


Әр есікті қағады.


 


Сол бір «Жетімбұрышта»


Тұр үміттің жанары...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу