Өлеңдер ✍️

  04.07.2023
  47


Автор: Серікбай Оспанов

Арманым

Саған жетіп шаттығым шырқалған ба,


Сүйіп, құшып мейірім бір қанған ба?


Сен ұшқырсың самғаған сұңқардан да,


Сен жүйріксің жараған тұлпардан да!


 


Сен тәттісің майдағы ақ балдан да,


Сен жарықсың күннен де,


Ақ таңнан да!


Қасымдасың – түнімен көз ілмесем,


Жанарымда тұрасың шаттанғанда!


 


Ғажайыпсың – өмірдің төріндейсің,


Төңкерілген төбемнен көгімдейсің.


Ойым ғана сенімен жолығатын,


Ұстатпайсың,


Ешқашан көрінбейсің!


 


Мен қуайын,


Биікке самғағайсың,


Ғұмырыма сен ғұмыр жалғағайсың.


Жапалақ та жететін жар басында


Қолға түсіп әйтеуір қалмағайсың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу