01.07.2023
  109


Автор: Құрбан айт

Қарындасым Құрбан айт құтты болсын!

Қарындасым Құрбан айт құтты болсын,
Шын жүректен тілеймін бар бақытты.
Жаратқаным жар болып өзіңе тек,
Қызықты етсін сен үшін әр уақытты.

Қарындасым Құрбан айт бақ әкелсін,
Көңіліңе ұсынып ән мен жырын.
Қарындасым жайнай түс, құлпыра түс,
Шаттығымен тербелеп әрбір күнің.

Құрбан айттың сезіп сен бар қызығын,
Қарындасым аман бол сен әрдайым.
Балбұл жанған жүзіңнен нұр ойнасын,
Жаздай жайнап, жадырап әр күн сайын




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу