01.07.2023
  275


Автор: Құрбан айт

Құтты болсын Құрбан айт жан бауырым!

Құтты болсын Құрбан айт інім менің,
Шаттықта өтсін сәтті боп күнің сенің.
Есік ашты Құрбан айт, қабыл болсын,
Орындалсын арманың, көңілдегің.

Құрбан айтта жасаған дұғаларың,
Қабыл болсын лайым Алла қолдап.
Жан бауырым әр ісің оңды болсын,
Жаратқаным жар болып, беріп мол бақ.

Шад-шадыман көңілің ортаймасын,
Әр күн сайын лүпілдеп, соғып жүрек.
Айттан айтқа жете бер күліп-ойнап,
Осы інім өзіңе айтар тілек...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу