Өлеңдер ✍️

  26.06.2023
  93


Автор: Полиция күні

Полицейдің барында жаны таза

Полицейдің барында жаны таза,
Бұзақылық көп болмас елімізде.
Заңды бұзған жандарды қамауға ап,
Мейрімділер шығады төрімізге.

Полицейлер барында жаны таза,
Парақорлар есігі жабылар ед.
Жүрегі ел деп соғатын Полицейлер,
Марапаттың төрінен табылар ед.

Полицейлер барында жаны таза,
Қара бұлт та төнбейді басымызға.
Бұзақы да көп болмас аппақ, адал,
Полицейлер болса егер қасымызда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу