Өлеңдер ✍️

  21.06.2023
  933


Автор: Әліпов Айтбек Рымбекұлы

Бақыт деген...

 


Бақыт деген – бала күнгі кездерің,


Қуаныштан бал – бұл жайнап көздерің.


Ата – ананың құшағында армансыз,


Еркеліктің балғын шағын сезгенің.


     Бақыт деген дос – жаранмен,


     Арман қуған шақтарың.


     Болашақтың аралап бір,


     Қиял – сағым бақтарын.


Бақыт деген уақытпенен жаңару,


Бозбалалық, бойжеткенге теңелу.


Махаббаттың құдіретімен аяулы,


Ғашықтықтың сезіміне бөлену.


     Бақыт деген қамсыз ойнап – күлгенің,


     Аясында үлде менен бүлденің.


     Бақыт деген болашаққа талпынып,


     Сүйіктіңмен ғажап өмір сүргенің.


Тұрсақтағы шын бақытқа бөленіп,


Кейде солай... Байқамай да қалғанбыз,


Тәкапарлық танытам деп аңдаусыз,


Бақытты шын ұшырамыз қолдан біз.


     Бақыт деген жұтқаның  таза ауасын,


     Туған жерге тартып бір кетсең ат басын.


     Немерелер, шөберелер атасына таласып,


     Бақыт деген – Алла берген отбасың.


Бақыт деген адал, жақсы жар табу. 2- рет


Бақыт деген жақсылармен марқаю.


Бақыт досым, сәттер дейді қуанған.


Бақыт – көрген шапағатты әр таңың!


 


Айтбек Әліпов Рымбекұлы, Астана қ.


 





Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу