07.06.2023
  80


Автор: Артюр Рембо

ДҰҒА

 


 


Менің Ворингемдегі апайым Луиза Ванаанға, – Оның көкшіл телпегі Солтүстік теңізге қарап тұр. – Кеме апатынан қаза тапқандар үшін.


Менің Ашбидегі апайым Леони Обуаға. Бау – жазғы шөп, сасық және ызыңды. Ауыратын балалар мен аналар үшін безгекпен.


Дос қыздар мен оқудың аяқталмаған шағында дұға оқитын бөлмелерге құмарлығын жоғалтпаған сайтан қатын Лулуға. Еркектер үшін. – Ханымға.


Бірге болған жасөспірім жігітке. Тақуалар құжырасындағы қарияға киелі.


Ақылына жарлының. Әншісіне өте биік шіркеудің.


Кез-келген табынушылыққа, сондай-ақ, табынатын орында оқиғалар арасында осындай, бұйрығына сәйкес сол сәттің, күнәларымызға сәйкес немесе бағынуға тура келеді оларға.


Жоғары мұздың Цирцетосы бүгін кеш, балықтай майлы, қызыл түндердің он айындай қызғылтым (оның жүрегі – кит-балықтың тірі, балғын жұпары). Түнгі аймақтар сияқты үнсіз, жарылыстарынан да бұрын жүретін ерліктің, солтүстіктің алапатынан да қаталдау мынау әлем – күш алады менің жалғыз дұғамнан.


Қайткен     күнде     барлық    әуендерімізбен,     тіпті     метафизикалық саяхаттарға шығамыз. – Бірақ қазір емес.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу