Эсселер ✍️

  06.06.2023
  384


Автор: Әкелер күні

Әкелер күні мерекесі

Үстіміздегі жылдың, яғни маусым айының біріне мемлекеттік мекелер тізімі тағы да Әкелер күні және Аналар күні деген екі мерекелі атаулы күндерге толықты. Әкелер күні — бұл әкелерге деген құрметіміз бен ізетімізді білдіретін күн деп ауыз толтырып айта аламыз. Осы күні әкеге деген ризалық пәк көңілімізді білдіріп, оларға деген рахметімізді білдіруге таптырмайтын мүмкіндік болмақ. Әкелердің ұл-қыздары үшін жасап жатқан тәлім-тәрбиесі, ыстыққа қалдырмайтын, суыққа тоңдырмайтын біздің Әкелерге деген алғысымызды дәл осы күні ашықтан ашық, мерекелік күймен жеткізе аламыз. Бұл мереке қайдан шықты деген сұраққа келер болсақ, 1929 жылы, 19 маусымда Әкелер күні ең алғаш АҚШ да аталып өтілген. Осы күні Әкелер күні ерекше құрметпен өткізіледі. Бұл мереке әйелі қайтыс болып, 6 баласымен жесір қалған Әкенің балаларын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген әкенің құрметіне пайда болған.
Сонымен елімізде Әкелер күні — маусым айының үшінші жексенбісінде аталып өтілетін болды. Расында да, отбасы үшін, жанұям деп еңбек ететін, әрбір баласын ерекше жақсы көріп, олардың киімі мен тамақтарын тауып, басқалардан кем қылмай өсіретін Асқар таудай Әкелердің орындары тым бөлек. Әрбір бала өз әкесін құрметтеп, олардың көңілдерін қалдырмай, жүздеріне қуаныш ұялату парыз деп білем. Ендеше, Әкелеріміз аман болып, жүздеріне қуаныш ұялатайық ағайын.
Маусым айының әр үшінші жексенбісінде келетін Әкелер күні құтты болсын баршаңызға! Елді алға бастайтын, отбасының тірегіне айналып, жанұяны жақсылыққа жетелейтін Әкелерге әрқашанда бас иеміз. Аман болыңыздар Асқар таудай Әкелер!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу