Өлеңдер ✍️

  28.05.2023
  81


Автор: Бақберген Рахым

Махаббатым

Махаббатым,
Көңілімді көтереді маған әр жазған хатың.
Мендік сезім нәзік қыл кестеленген
Жүрегіңнің төріне жалғанатын.

Нәзік гүлім!
Санамды сергітемін сен жайлы жазып бүгін.
Сендегі кіршіксіз ақ сезімнің толқыны кеп,
Мендегі пәк көңілді толқытып, тасытты мың.

Шабыт көзім!
Жұлдыздай жарқырайды тұңғиық жақұт көзің.
Онымен сөйлескенде, өтініш, я, Құдайым,
Тоқтатып тұра тұршы тым жүйрік уақытты өзің.

Құндылығым!
Түсіме жиі енеді баладай бал қылығың
Өмірдің әрбір күні көңліңді жадыратсын,
Жаныңды жабырқатар болмасын мұңды күнің

Жан-жүрегім!
Арамыз алшақтамас, бұл сезім мәңгі дедім.
Көздерің шуақ шашып, сен күлсең, мен күлемін,
Көзіңнің бұл сиқырын тек жалғыз мен білемін.

Ақ білегім!
Төлегенге қимайтын, Баяндай ақ Жібегім!
Осылай жыр жазамын, неден бұл?
Кім біледі?
Мүмкін бұл дерт шығар-ау,
Дәрігер, тапшы емін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу