24.05.2023
  52


Автор: Халықаралық балалар күні

Балалардың күнінде

Балалардың күнінде,
Бар жақсылық орнасын.
Бақыт пенен қуаныш,
Таба берсін жалғасын!

Балалардың күнінде,
Күлімдесін әр бала.
Жарқырасын,  жайнасын,
Әрбір күні жандана.

Балалардың күнінде,
Бар қуаныш орнасын.
Шаттығы көп бал күндер,
Таба берсін жалғасын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу