24.05.2023
  78


Автор: Халықаралық балалар күні

Аман жүрші жан балам

Құтты болсын жан балам,
Бүгінгі күн мереке.
Жарқырай түс,  жайнай түс,
Беріп бізге береке.

Жаратқаным жар болып,
Аман жүрші жан балам.
Денің сау боп әрдайым,
Жет арманған аңсаған.

Қуантсын әр таңдарың,
Шаттық беріп жүзіңе,
Құлыншағым,  жан балам,
Сәттілік әр күніңе.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу