Өлеңдер ✍️

  24.05.2023
  48


Автор: Мехнат Теміртасқызы

Шығарып сап шаттығын күрең белдер…

Шығарып сап шаттығын күрең белдер,
Көктем кетті жер дейтін кілемді өңдер.
Жүрегімде тулаған жаздың əнін,
Жапырақпен жасырып жібермеңдер.
Сары алтынға боялған атырабы,
Армандарға арайлы шақырады.
Тереземді қағады əлсін-əлсін,
Сағыныштың сарғайған жапырағы.
Сары ала күз, сары бақ сағыныштар,
Жапырақта жанды өртер жалыныш бар.
Жүрегімде самалды сабылыс бар,
Оралыңдар армандар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу