Баталар ✍️

  23.05.2023
  303


Автор: Соңғы қоңырау күні

Тілеймін мен ақ бата

Уа, Жаратқан қабыл ет,
Қабылдаудың қамын ет.
Бітіруші Түлекке,
Орындаушы заңын ет!
Бітіруші Түлектер,
Қадамдарың оң болсын!
Қуанышқа бастайтын,
Саулықтарың зор болсын!
Ашық аспан күлімдеп,
Бар шаттығын сыйласын!
Жаратқаным жар болып,
Қиындықтар болмасын!
Атар сәтті таң болып
Жүздерің бал жайнасын!
Жүріңдерші бар болып
Елдің ойлап пайдасын!
Істеріңе сәттілік,
Жүзіңде нұр ойнасын!
Жаны жайсаң Түлектер,
Сәтсіздігің болмасын!
Еңбектерің жанданып,
Бақта бұлбұл ән салып,
Шаттықты күй орнасын!
Жаңа өмір жолында,
Жақсының жүр соңында,
Жақсы күндер жалғасын!
Өмір теңіз, су кеме,
Кемеңе шаң қонбасын!
Лайым әркез сендерді,
Жаратқаным қолдасын!
Әумин!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу