Баталар ✍️

  23.05.2023
  327


Автор: Соңғы қоңырау күні

Ақ жол болсын Түлектер

Бітірген орта мектепті,
Ақ жол болсын Түлектер!
Қол созыңдар арманға,
Орындалып тілектер!
Бар жақсылық орнасын,
Жаратқаным қолдасын!
Жаңа өмірге бастайтын,
Қадамдарың оң болсын!
Бірінші байлық денсаулық,
Саулықтарың зор болсын!
Оқуға түс жоғары,
Білімді бол ел мақтар!
Ел үшін қып қызымет,
Адал жан бол ел жақтар!
Ашық болып аспаның,
Қуаныштар көп болсын!
Жаны жайсаң Түлектер,
Уайымдарың жоқ болсын!
Оқу оқып, маман бол,
Білімдерің зор болсын!
Елге пайдаң тиіп тек,
Шаттықтарың мол болсын!
Арайлы таң сыйласын,
Қуанышын сендерге!
Шуақты күн үн берсін,
Нұрын төгіп белдерге.
Сәтті болып істерің,
Алға қадам баса бер.
Жаратқаным жар болып,
Асулардан аса бер!
Қабыл болып батамыз,
Қызығына бата бер!
Әумин!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу