Өлеңдер ✍️

  22.05.2023
  92


Автор: Мехнат Теміртасқызы

Мен ешкімге жамандық жасағам жоқ

Дұшпан күліп тұрсада, тасадан көп,
Мойымадым жүрген соң бас аман боп.
Қысқа өмір күрмеуге келмейді деп,
Мен ешкімге жамандық жасағам жоқ!
Таяу қалып тұрсам да, таққа да мың,
Үмітін өшіргем жоқ, басқалардың.
Жаныма қос уыстап «У» сепседе,
Біреудің ала жібін аттамадым.
Болса егер, болса дедім туысыма,
Жақсымен жақын болдым жұғысуға.
Жан жағыма тараттым қуанышты,
Бір тамшысы қалғанша уысымда!
Біреуді адастырып алдағам жоқ,
Алмаған асуым көп, қамалым көп.
Адамдар жүрегіме жүк салмаңдар,
Жүрек жалғыз, мен жалғыз, амалым жоқ!
Мен ешкімге жамандық жасағам жоқ!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу