18.05.2023
  293


Автор: Әсерлі әңгімелер

Қос тағдыр - 12 бөлім

- Не болды, неге сонша қорықтыңдар?

- Сендер, сендер әлгі...

-Ия, сендер арын таптаған қыздармыз. Сендердің арқаларыңда оқудан қуылып, мына бір тозаққа тап болдық. Алла тағала тілеуімізді қабыл етіп, сендерге өз қателіктеріңді түзеуге мүмкіндік беріп сендерді осында жіберген секілді.

- Не, не айтып тұрсың?

Ұлжалғас бөлмеде тұрған ішімдіктің бөтелкесін қабырғаға ұрып сындырды. Үлкендеу сынығын алып, абдырап тұрған жігіттердің біреуінің мойынына жармаса кетті. Гүлдана жүгіре қашып, Ұлжалғастың артына тығылды.
- Қимылдаушы болмаңдар. Әйтпесе осып жіберемін. Өлсем өліп, қамалсам қамалып кетейін. Есесіне мына әлем біреу болса да сендей оңбағаннан тазарып қалады.

- Жібер, жібер..

- Жаның тәтті ме? Өлгің келмейді ия. Ендеше сен екеуің бізді мына жерден алып шығасыңдар.

- Не? Армандаушы болма.

- Ендеше соңғы тілегіңді айт. Мына табынып жүрген әпкелерің өзінің артын ашпау үшін сенің өлігіңді көзге көрсетпей құртып, жабулы қазан күйінде қалдырса керекті. Мен ештеңеден қорықпаймын. Жоғалтар ештеңем жоқ.

Ұлжалғас жігіттің мойынындағы шиша сынығын одан әрі тақай түсті. Жаны қиналса керек, жігіт көп күттірмей келісімін берді.

- Жарайды, жарайды, сендерді алып кетемін. Бірақ қалай? Ол оңайлықпен келісе қоймас.

- Жаңа ғана қалай бізді сатып алсаң, дәл солай тағы сатып ал.

- Жо-жоқ, ол аз ақша сұрай қоймас.

-Ол жағы сенің шаруаң. Қашып құтыламын деп ойлама. Адамнан жасырсаң да Алла бәрін көріп тұр. Біздерді қайта жүздестіргенде Алланың ісі. Өлімнен емес, өлімнен кейінгі өміріңді ойла.

- Жарайды жарайды. Қазір сөйлесемін.

- Сен барып келісіп кел. Ал оған дейін мына досың кепілде болсын.

Ұлжалғас тұтқынындағы жігітті итеріп жіберіп, екіншісіне жармаса кетті. Аңқау ақкөңіл қыздан мұндай қылық шығады деп ешкім ойламаса керек.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу