18.05.2023
  240


Автор: Әсерлі әңгімелер

Қос тағдыр - 11 бөлім

- Мінеки Қазақ қызы осындай болған. Ия, бәріміздің де бойымыздан бұл қасиеттер толығы мен табыла қоймас. Дегенмен әлі де өзгеруге болады.

- Әй, қыздар бұл жер сендерге дәрісхана емес. Үндеріңді өшіріңдер. " Қазақ, Қазақ "- деп, миды ашытпаңдар.

- Қазақ жерінде, Қазақ елінде Қазақ болып туылсаң бұл атауды сыйламауға хақың жоқ. Біз мұсылман болғандықтан ең алдымен өз арымызбен, намысымызды биік ұстауға тиіспіз.

-"Мұсылман"',"Қазақ, " - деп неменеге басты ауыртып тұрсыңдар? Сендерде біздей болмасаңдар, бастық бұл жерге сендерді алып келмес еді.

-Жоқ, сендер мен біздің айырмашылығымыз жер мен көктей. Біз бір рет қана еріксіз түрде арымызды таптауға жол бердік. Бірақ енді басымды шапсада оған жол бермеспін. Арымның жолында жаным садаға кетсін. Ал сендер өз еріктеріңмен арларыңды таптатып жүрген, кеудесінде жаныны жоқ жәй ғана қуыршақсыңдар. Егер кеуделеріңде жүректерің болса, бұлай жүрмес едіңдер.

Қыздар дауласып тұрғанда, әлгі бөгде әйелмен қоса жас жігіттердің дауысы естілді.

- Әпке бүгін бізге" жап- жас қаймағы алынбаған қыздарды тауып қоямын"- деп уәде беріп едіңіз. Уәдеңізде тұрдыңыз ба?

- Інішек мен қашан сөзімде тұрмап едім? Мінеки олар.

Ұлжалғас Гүлданаға қарағанда кішкене еті тірі болатын. Бөгде әйел есікті ашқанға дейін өзімен қоса Гүлдананың жүзін ұзын қолаң шаштары мен бүркеп үлгерді. Өйткені, ол бұл дауысты есіне түсірді. Бұл сол күні, ұйқы дәрінің күшінде жатқанда арын таптап, пәктігінен айырған жігіттердің дауысы болатын.

- О, міне нағыз бақыт, фигуралары аттай екен. Сіз уәдеде тұрсаңыз, біз де өз міндетімізді атқарайық. Мінеки уәде еткен сумма. Ал қыздар жүріңдер. Байдың ерке балдары қос құрбының қолынан ұстап бөлмеге қарай сүйрей бастады. Гүлдана қарсыласып, айқайға сала бастады. Ұлжалғас қолынан қысып белгі беріп түсіндіруге тырысты. Гүлданада бірдеңе түсінгендей қарсыласуды доғарып, үндемей еріп отырды. Төртеуі бір бөлмеге кірді. Жүзін ашып көздеріне тік қараған қыздарды көргенде ерке жігіттердің зәрелері зәр түбіне кетті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу