18.05.2023
  180


Автор: Әсерлі әңгімелер

Қос тағдыр - 4 бөлім

Қос құрбы күн өткен сайын көктемгі масатыдай құлпырған гүлдердей, жайнап, жүздері нұрлана түсті. Лапылдап жанып, лақылдап тасып,  жар­қыл­­дап күліп, тотыдай таранған күлім­көз, ару қыздарды көргенде, жігіт атаулының бәрі түгел көздерін ала алмай қалатын. Ешкімнің жігерін жа­сытпай, көңілін қалдырмай, еш­кімнің алдын кес-кестемей, кездес­кен қиындықты өздері ғана еңсеріп, қателігін өздері ғана түзетіп, кеңдігіне тереңдігі сай болып жүрген, ақкөңіл арулардың, көреалмас дұшпандарының болары ақиқат. " Ауызы қисық болсада байдың баласы сөйлесін "-дейтін заманда өмір сүріп келе жатқандықтан, бұл жағдай ЖОО орнының студенті, Шенеуніктің шіренген… кісімсіген мінезді, бай әкенің дәулетіне шалқыған ерке бойжеткен Анельге ұнай қоймады. Жігіт атаулыны артынан күшікше жүгіртетін "байханша "-атанған Анель қос құрбыға шүйлігіп алды. Өйткені оған назар аударар жігіт жоқ. Кісіге жақсылық жасауға бей­­ім, жапа шексе – көбіне адал­дық­­тан, аңқаулықтан жапа шегеді. Жан баласына жаман­дық тілемейді. Ешкімге залалы жоқ, шуағы мол. Еңбекқор, көп оқып, көп тоқитын. Біреулер секілді көкірек ке­ріп, дауыс көтеріп те жатпайтын, кі­ші­­пейіл, кілтін тауып сөйлете алсаң  Жүрекпен тербеп сөйлейтін қос құрбының маңына, жемге келген құстардай жігіт те, қызда жинала қалатын. Бұл көрініс Анельдің одан әрі ашу -ызасын күшейте түсті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу