26.04.2023
  386


Автор: Отан қорғаушылар күні

Құтты болсын  мерекең (досыма)

Жетінші мамыр күні бұл,
Құтты болсын мерекең.
Асыл досым,  жан досым,
Арта берсін берекең.

Жүзіңде мұң болмасын,
Ел қорғаны өздерің.
Мерейлі бол жігітім,
Күлім қағып көздерің.

Бар жақсыны тілеймін,
Сынды сәттер болмасын.
Асыл досым өзіңді,
Жаратқаным қолдасын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу