19.04.2023
  536


Автор: Әсерлі әңгімелер

Енесі мен абысынын дуалаған келін - 3 бөлім

-Жоқ, тұрмаймын. Абысын өзі «кешірдім» демегенше тұрмаймын. Бұрынғыша құрбылардай сырласып, көрген сайын бір-біріміз бен жарыса сөйлеп әңгімеа
Жүзімді төмен қаратқан күйі отыра бердім. Бір сәтте иығыма біреу қос қолын тигізгенде бүкіл денем шымырлап, бойым әлде бір жылулықты сезгендей болды.
Абысыным екенін бірден ақ сездім. Бар күш жігерімді жинап, еңсемді көтердім. Абысынымның да көздерінен жас ағып, бар ықыласы мен мені құшағына басты. Екі бетінен шөлпілдетіп кезек кезек сүйе бердім. Екеуміз ұзақ уақыт үнсіз құшақтасып тұрдық. Бала шағалардың бәрі қосарланып үсті үстімізден құшақтап бәріміз бір жылап алдық.
- Кешірдім, келін. Кешірдім... Келеріңді білдім. Осы күнді ұзақ күттім. Ақыр соңы өз өзіңді жеңіп осылар алдыма келеріңді білдім. Мен сені әлдеқашан кешіргенмін. Тек өзіңнің көкіректігіңді, менмендігіңді жеңіп, ақылың мен ерік күшің сені бұл менмендіктен арылтуын күттім. Алла тағаланың өзі пендесінің қателігіне кешірім берген де, мен қалай кешірмеймін. Кештім...
- Сіздің дауысыңызды, маған қарай бет бұрып сөйлегеніңізді, шай үстінде әңгімелескенімізді қалай сағынғанымды білсеңіз ғой.
-Мен де, мен де сағындым... Қатты сағындым. Апам (енеміз) байғұс қабірінде жатып бір ауап тұрған болар. Неге апамның көзінің тірісінде келмедің?. Бір-біріміздің тату болғанымызды көре алмай арманда кетті ғой.
- Өкінемін... Қатты өкінемін рас айтамын.
Абысыным өте мейірімді жан. Өзінде барын өзгелерден аямайтын жанашыр кісі. Әттең осыны кезінде ұғынсам ғой. Біздің келерімізді біліп сүрленген етін, қазы-қартасын асып дайындап қойыпты. Екеулесіп жүріп қамырды салып, ұл қыздарымыз бен бірге шүйіркілесе отырып мәз мейірам болып тамақтандық. Мен сол үйде қалып абысын екеуміз түні бойы әңгіме дүкен құрып қаншама шәйнек шай ішіп тастаппыз. Ал енді өзімнің жасаған иттік әрекеттерімді баяндап берейін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу