19.04.2023
  459


Автор: Әсерлі әңгімелер

Енесі мен абысынын дуалаған келін - 5 бөлім

Оның еш бір ақшаға, байлыққа сатып ала алмайтын ақыл кеңестерін тыңдағым келмей үнемі қашып жүретінмін. Бір жаққа шығар болса енем « Қызым ақшаң бар ма? Қызым не керек? Пәленшеге айтайын машинасы мен апарып тастасын» деп отыратын. Ал мен бір жаққа барар болсам ештеңе мен шаруасы жоқ. «ақшаң бар ма» деп сұрамайды да. Сұрамауға да негіз бар. Өйткені мен күйеуімнен ақша алу үшін түрлі айла тәсіл қолданатынмын. Екі еркекте ақшаны аналарына әкеліп тапсыратындықтан енем күйеуімнің маған ақша беретінін біліп сол себептен де сұрамайтын болса керек. Ал абысыным болса қайын ағамның миын жеп ақша алу үшін өтірік бейшара адамның кейпіне еніп, жыламсырап айла қолданбайды екен. Міне сондықтанда енем оған үнемі ақша беріп отыратын. Ал менің бойымды қызғаныш билеп « неге маған бермейді? Неге менен сұрамайды? Мені жек көреді» деп енемді жек көре бастадым.Қазір ойласам енем берді не? Күйеуімнен алдым не? Бәрібір сол ақша емес пе? Әттең сол кезде осыны ұғына алсам ғой. Ұлының жыртығын жамап, асын әзірлеп, киімін үтіктей алмайтын, үйге келген кісіге ас суын ұсына алмайтын, ұйқыдан көз ашпайтын келін қай енеге ұнайды дейсіз?Өзімнің қазір ұлым келін алар кезге жетіп отыр. Егерде ұлым дәл сол кездегі өзім секілді қызды жар етіп үйіме әкелсе өзім секілді келінге мен бір сәтте төзе алмас едім. Сол кезде менің мінезіме төзіп шыдаған енеме мың рақмет.

Жалғасы бар




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу