19.04.2023
  211


Автор: Әсерлі әңгімелер

Енесі мен абысынын дуалаған келін - 7 бөлім

Қатты күйзеліске түскен абысыным аздап сергіп, көңілі көтеріліп қалсын деп енем бірнеше күнге төркініне жіберді. Жаздың ыстық күні болатын. Енем қайын ағамның темір кесетін болгаркасын алып жуан ағаштарды майдаламақ болған ғой. Болгарканы қосып қалған кезде әлгі ортасындағы дөңгелек арасы шыр айналып ұшып шығып енемнің оң қолының білегін осып өтіп кетті. Ойбайлаған дауысты естіп сыртқа атып шықсам үсті басы қанға малынып отыр екен. Сүйегі көрініп тұрғанын көріп денем түршігіп кетті. Жедел жәрдем келіп ауруханаға алып кетті. Жарақатын танып, қолын тіктіріп қайта келді. Араға екі күн салып күйеуім үш қорап қызанақ алып келді. Біреулер жұмыс ақысының орнына берген екен. Әлгі қызанақтарды банкаға жап деті. Мен ондай жұмысты өмірімде жасап көрмегенмін. Беттей алмай жүргенімде бір күн тұрып, былжырап босаған қызанақтарға шыбын, шіркей үймелей басталы. Оны көріп жиіркеніп мүлдем жолағым келмеді. Ол кезде ысырап, обал не екенін білмеймін. Содан түсте ұйқы қысып бөлмеме кіріп ұйықтап қалыппын. Бір кезде көзімді ашсам абысыным келіп тұр.
- Абысын келдіңіз ба? Қалайсыз?
- Ұялмайсың ба? Не жатыс мынау? Ана жақта қолы кесіліп үзіліп түсіп қалайын деп әрең жүрсе де апам от жағып банка жабайын деп жүр. Сенің жатысың мынау?
- Жаппай ақ қойсын. (ол кезде тәкаппарлық бойымды билеп тұрған кез) Ешкім оған істе деген жоқ қой.
- Сен істемеген соң өзі істемегенде қайтсын? Соншама қызанақты ірітіп қоқысқа тастауы керек пе?
- Жап жас адам ғой. Қимылдағаны өзіне пайдалы. Істесе ертең өзі де жейді ғой.
- Ал сонда сен жемейсің ба? Айтып тұрған сөзін қарашы. Бол шық далаға екеуміз жабамыз.
- Шықпаймын, қайтесің ал?
- Осы күнге дейін мен саған үндемей істеген ісіңнің бәріне көз жұма қарадым. Мені сыйламасаң сыйлама, бірақ апамды сыйламағаныңа үнсіз төзе алмаймын. Қайным келсін, осы күнге дейінгінің бәрін баяндап сенің сазайыңды тарттырам.
Абысыным ашулана шығып кетті. Не істерімді білмедім.

Жалғасы бар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу