19.04.2023
  195


Автор: Әсерлі әңгімелер

Енесі мен абысынын дуалаған келін - 8 бөлім

Күйеуімнің үйге келер уақыты жақын қалыпты. Қатты уайымға салынғандікі ма, әлде тамақ жей сала жатып қалғанымдікі ме, әйтеуір жүрегім айнып құсқым келе бастады. Күйеуім әні міне дегенше келіп қалады. Дереу пакет алып пакетке құса бастадым. Бұл ой басыма қайдап сап ете қалғанын білмеймін, өзімді күйеуіме жүкті етіп көрсеткім келді. Сондағы мақсатым ұрыс естімеу үшін еді. Бірақ әп сәтте белім ауырып, жаным қинала бастады. Етеккірім келетін уақыты да болып қалған болатын. (ер адамдар оқыса ұят екенін білемін. Бірақ толық жазуға міндеттімін) Ауырғанына шыдай алмай екі бүктеліп жаттым да қалдым. Ауруды басатын дәрі ішіп едім, тағы да ұйықтап кетіппін. Бір кезде оянсам күн батып қалыпты. Екі сауылатын сиыр бар, нан-тамақ істеу керек. Оған қоса банка жауып абысыным мен енем әбіржіп жатыр екен. Содан не керек абысыным қайта бөлмеме кіріп келді.
- Банка жаппасаң да тым қүрыса тамақ істесең қайтеді? Өзің де ішесің ғой сол тамақтан.
- Ауырып жатырмын.
- Бір апта бұрын бала туған, қолын болгарка кесіп кеткен апам екеумізден жамансың ау. Мына жалқауылығың сенің түбіңе жетіп тынады.
- Расымен ауырып тұрмын. Сенбесең өзің біл. Сені сендіруге міндетті емеспін. А сосын айта кетейін маған енемнің орнына ене болмай ақ қойшы. Енем әлі тірі, өлген жоқ. Ол кісі тұрғанда маған ұрсатын сен кім едің соншама?
- Апамның жуас болғанына қуан. Әйтпесе сендей келінді басқа ене үйінде бір сәтте ұстамас еді.
Абысыным осылай деді де, шығып кетті. Артынша күйеуім кіріп келді. Екеуміздің айқайласып жатқанымызды естіп қойған секілді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу