Өлеңдер ✍️

  15.04.2023
  108


Автор: Жүніс ӘМІРЕ

НЕ ҮШІН ЖЫЛАЙСЫҢ ЕЙ, БҰЛБҰЛ?

Ғаріп боп келдің бе бұл жерге,
Не үшін жылайсың, ей, бұлбұл?
Ізден адасып қалдың ба түндерде,
Не үшін жылайсың, ей, бұлбұл?
Астың ба таулардан қар басқан,
Сулар кештің бе жағаға жармасқан,
Айрылдың ба жардан жанды ашқан,
Не үшін жылайсың, ей, бұлбұл?
Қандай қиындық алған еркіңді?
Асқындырасың менің де дертімді.
Қылдың ба Досты көрмек сертіңді? –
Не үшін жылайсың, ей, бұлбұл?
Мекенің құлап, қарың талды ма?
Алыста арың қалды ма?
Кувейтте жарың қалды ма? –
Не үшін жылайсың, ей, бұлбұл?
Гүлстандарды жайларсың,
Жаңа гүлдермен жайнарсың,
Бұдан да күштірек сайрарсың,
Не үшін жылайсың, ей, бұлбұл?
Ұйқыдан санам оянды,
Жүзім қанды жасқа боялды.
Жанғаны жүректің аян-ды,
Не үшін жылайсың, ей, бұлбұл?
Не болды Жүніске? –
Жанын зар үңгіді,
Ғашықтық дариясына сүңгіді.
Келер көктем тағы да бір күні,
Не үшін жылайсың, ей, бұлбұл?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу