Өлеңдер ✍️

  15.04.2023
  137


Автор: Қожа Ахмет Яссауи

ХАЗІРЕТКЕ ҚАЛАЙ БАРАМ?

Рахым Мәулім рахымымен жадына алса,
Не бетіммен Хазіретке барамын мен?
Жолға түсіп, жанда тәуба шамы жанса,
Не бетіммен Хазіретке барамын мен?
Хақ пендесі амал
-дәптер алса қолға,
Рахым қылып жарылқаса баршаны Алла,
Бағдар беріп пірмұғаным салса жолға,
Не бетіммен Хазіретке барамын мен?
Жетсе бір сәт қақпақыл ғып ажал
-ағын,
Отан үкім қылса, қарсы қазаға кім?!

Өлмей заһар жұтып, тартсам жан азабын,
Не бетіммен Хазіретке барамын мен?
Сырлас достар үлгілерін шашып кетті,
Жедел қылып қақпаларын ашып кетті.
Шар зарб ұрып, дариядай тасып кетті,
Не бетіммен Хазіретке барамын мен?
Хақ Расулі
– күндіз күлкі, түнде түсін
Бұзып өтті, қайғы жұтып үмбет үшін,
Ішпей
-жемей қыз
ымет қылу
– сүннеті шын,
Не бетіммен Хазіретке барамын мен?
Хақ расулі дүние
-малға қайғырмады,
Үмбетінен басқа жаққа бой бұрмады.
Ақырды ойлап,
бір сәт көңілін жай қылмады,
Не бетіммен Хазіретке барамын мен?
Уа, дариға, Мақшар күні парқым бар ма?

Қазылық қып, көрген шақта қалпымды Алла

Қылмыс, күнәм таразыға тартылғанда,
Не бетіммен Хазіретке барамын мен?
Күндіз
-түні тынбай жылап Құл Қожа Ахмет,
Хақ расулге болғын үмбет қыл да құрымет,
Бақ боп қонып үмбеттерге қылды ол рахмет,
Не бетіммен Хазіретке барамын мен?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу