Эсселер ✍️

  12.04.2023
  190


Автор: Ғашықтар күні

Ғашық болу

  «Ғашық болу... Емес ол өліп-талу, Өксу, жану, өртену, сөніп қалу...Маң далада Мәжнүннің шерін шертіп, Не салса да тағдырың, көніп бағу»  деп Исраил Сапарбай ағамыз жырлағанындай,  ғашық болу деген сөз жүрегіңнен бір жанға орын беріп,  сол жанның қас-қабағына қарап,  сол жанның бақытты болуына,  жүзіне қуаныш үйіріліп жүруіне жол салу болып табылады.  Қарап отырсақ Ғашықтарсыз бұл дүние қараң қалатындай көрінеді.  Өйткені,  адамдар бір-біріне ғашық болу арқылы пәк махаббатты сезініп,  бас қосып,  отау тігеді. Бір-біріне деген ыстық ықыластары мен сүйіспеншіліктерінің арқасында көтерген отаулары  іші бала-шағаға толып,  ал сыртындағы малдың, жан-жануарлардың  дыбыстары жанды тербейді.  Қазақта бірінші жағдай сұрасқанда «Мал-жаның аман ба?»  десетін.  Мұның бәрі айналып келгенде бір-біріне ғашық жандардың тіккен отауларының арқасында пайда болған жемістерін көрсетеді. 
«Жаңа ғашық болған шағыңда ойда жаңғырған тәрізденеді» дейді Мұхтар Әуезов. Ия жаңа ғашық болып, жүректердің кеудеден шығардай соғуы, сабырлық пен шыдамсыздықтың көбеюі, ғашықтықтың арқасында бейне бір ғажайып әлемге еніп кеткендей күйді сезінетін бір-біріне ғашық жандардың көздеріне бүкіл әлем әдемі күйде көрінетіні сөзсіз.
Ендеше, ғашықтар әлеміне апаратын махабаттарыңыз баянды болсын бір-біріне ғашық жандар!

«Ғажайып Қазақстан —2050» журналының және «Ғажайып Қазақстан»  газетінің бас редакторы Жібек Искакова,  Түркістан қаласы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу