09.04.2023
  299


Автор: Әсерлі әңгімелер

Әйелдеріне ажал сыйлаған еркек - 4 бөлім

Біраз уақыт өтті. Көктем шығып, жаз өтті. Алтын белгімен бітіріп, грантқа түсіп, өз күшім мен оқуға түстім. Тірі адам тіршілігін жасайды. Екі інімді әжемнің үйіне тастайын деп едім, әкем көнбеді. Содан, оқуға документтерімді тапсырып келіп едім, әкем "қызым сенімен ақылдасатын, бір жағдай бар" деді.

Әкеме қарап, не істеді, не бүлдіріп қойды деп , әр нәрсені бір ойлап, миым сан саққа кетті. "Иә, айтыңыз" дедім, әкемнің көзіне тіке қарап... Әкем сәл қысымына тұрды да, "сен оқуға кетесің, үйде інілерін бар. Мал жан бар, өзің білесің. Үйге бір әйел адам керек" деді. Мен басында бірден ашуландым. Бірақ әкем айтқанынан қайтпады. Маған "амал жоқ, қызым. Мен саған ескерттім. Бірақ маған үйлену керек. Анаңның артынан жоқтау айтып, жүре бермеймін" деді.

Оқуға кетпей жатып әкем үйленемін деп, жан жақтағыларлы, шақырып, кішігірім құран өткіздік. Үйге "өгей ана" келді. Өзімен бірге бір қызы бар. Бірақ оны үйге бір екі күн жатқыздыда өз төркініне апарып тастады.

Ешбірімізге ауыр сөзі мен артық қылығын көрсетпей жүрді. Мен оны әдейі істеп жүр деп ойладым. Оқуға барып, әр сенбі жексенбі сайын келіп тұрдым. Осылайша бір екі өте шықты. Күн суыта бастады. Інілерімнен әр келген сайын, әкемнің екінші әйелі туралы сұрап тұрдым. Олар оны "мама" деп айтып жүр... Тіпті артынан қалмайды. Ал мен болсам оған әлі үйренісе алмай келемін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу