05.04.2023
  216


Автор: Әсерлі әңгімелер

Сіңлісінің арын ақшаға сатқан қыз - 8 бөлім

- Қайда асығып барасың?
Назданудыңда шегі болады емес пе?
- Жіберіңіз мені. Маған жоламаңыз.
Жігіт Сандуғаштың белінен қысып ұстап өзіне қарай тарта бастады. Есікті аяғымен теуіп жауып, жарықты сөндірді.
- Сіздің есіңіз дұрыс па? Не істеп тұрсыз? Жіберіңіз мені.
- Айқайлап өзіңді шаршатпа. Сені көргелі бері қыпша беліңнен ұстап, шиедей қып қызыл ерніңнен бір сүйуге қалай ынтық болғанымды білесің бе?
- Жібер мені. Сені оңдырмаймын.
- Пах шіркін, қорқып кеттім ау. Саған ешкім көмектесе алмайды. Қорықпа сенің арыңды таптамаймын. Тек ерніңнен бір сүйгізетін ғана ақы төледім. Арың соншалықты арзан емес болар.
- Не оттап кеттің?. Жібер, жібер деймін.
- Қарсыласпай өзің берілсеңші.
- Тарт қолыңды хайуан. Оңбаған әкем мен ағам сені өлтіреді.
- Маған дәл сендей оңай олжаға түсе қоймайтын қыздар ұнайды. Қарсыласқан сайын ұнай түсудесің.
Жігіт Сандуғашты қабырғаға тақап ерніне сүйіп, мойынынан иіскелей бастады. Қыздың көзінен ыстық жас тапшылары аға жөнелді. Еңгезердей жігітпен арпалысуға шамасы жетер емес. Құдайға жалбарынып көмектесуін сұрады. Бар білген сүрелерін оқып, дауысы дірілдеп шарасыз күйге енді. Жігіт Санлуғаштың төсіне қол салмақ болғанда Мақсат кіріп келіп жарықты жағып қалды. Әпкесінің қиналып жылап тұрғанын көріп, үстел үстінде тұрған пышақты алып әпкесін азаптап жатқан жігітке қарай жүгіре барып санына пышақ сұғып алды. Ойбайлап жігіт жерге құлай кетті.

Жалғасы бар




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу