03.04.2023
  96


Автор: Серікбай Оспанов

Қыран

Шалып қалған құлағым,
Қыран жайын сұрадым.
Бастады атам əңгіме,
Маңызды да, мəнді де.
– Бар жігіттің сұлтаны,
Бар жігіттің ұлтаны.
Сұлтаны – Ер, Батыры,
Ұлтаны – азы ақылы.
Күшті қарттың тарланы,
Күшті қасқыр арланы.
Жүйрік жылқы тұлпары,
Күшті иттің сырттаны.
Сол сияқты, шырағым,
Текті құс қой қыраның.
Ұғып, біліп ал мұны,
Жыртқыш құстың барлығы
Қыран емес,
Қыраны –
Ең күштісі, алғыры!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу