03.04.2023
  1010


Автор: Серікбай Оспанов

Ахмет ата анасы

Ойлы етсе кең даласы,
Батыр етсе бабасы, –
Ахметтің алғашқы
Болды ұстазы анасы.
Үйретті алғаш жазуды,
Санау,
Қосу,
Алуды.
Ертегі айтып қызықты,
Табиғатты тануды.
«Оқы, адам бол! – деді, –
Қашанда адал бол!» – деді.
Анасы хат танитын
Кісі еді көп көргені.
 
Ұмытпай бұл ақылды,
Ахмет алға талпынды.
Ұғып білім қуатын,
Оқуға елін шақырды!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу