03.04.2023
  159


Автор: Серікбай Оспанов

Қарлығаштар

Кезек-кезек шөп əкеліп,
Ұлпа жүнді көп əкеліп,
Таңдап алып қия жарды,
Қарлығаштар ұя салды.
Ешкімменен таласпады,
Күнде естілер жарасты əні.
Мен де соны жаратамын,
Жақсы көрем балапанын.
Қарлығаштар тамақ теріп,
Барлық жерді шарлап көріп,
Үйге қарай зуылдайды,
Балапандар шуылдайды.
Ауыздары ашылады,
Тамақ жеуге асығады.
 
Көрдіңіз бе кереметті,
Бөліп жейді көбелекті.
Балапанын бағып жүрдім,
Құрт-құмырсқа салып жүрдім.
Тез ер жетті тамақтанып,
Ұшып кетті қанаттанып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу