29.03.2023
  664


Автор: Әсерлі әңгімелер

Махаббат - 1 бөлім

Мектепті бітіріп, үлкен өмірге қадам басқан шағым. Жасым 16 да болды. Белгілі бір себептерге байланысты колледжге түсіп, универге оқуға жолым болмады.. Есесіне көп достар тауып үлгердім. Үлкен қалада болған соң анам уайымдап, нағашы әпкемнің үйіне жатқызды. Басында жатақханаға жатпақшы болдым. Бірақ үйдегілер қарсы болды.

Оқудың алғашқы айлары. Қалаға, үлкен ортаға бейімделе бастадым. Ол кездері агент, другвокруг деген болды ғой. Соларға үзбей кіретінмін. Қолымызда 6300маркадағы сол кездің хит телефоны. Группалас қыздармен жақсы қарым қатынаста жүрдім. Бірақ ішінде ең жаныма жақын бір құрбым болды. Ол жатақханада тұратын. Кейде менімен бірге әпкемнің үйіне қонып жүрді. Екеуміздің әңгімеміз таусылмайтын.

Сабаққа ертемен келіп, кітапханаға жайғастық. Сабақтарымызды бір-бір қайталап болған соң, телефонымызға көз жүгірттік. Другвокругқа кірдім. Бейтаныс бір жігіт жазды. Бірден нөмірімді сұрады. Әдетте ондағы жігіттер басқаша оймен жазады. Бірақ бұл жігіттің бұндай талпынысына таң қалдым. Бірден нөмірімді бердім.

Бірден хабарласып, кітапханада отырып сөйлестік. Бір қызық айтайын, менің мінезім ер мінезділеу болды. Дауысым да жуандау. Ал оның дауысы жіңішке екен. Хабарласып, сөйлеген уақытта құрбым Аяна екеуміз ішегіміз түйіле күліп алдық. Ол бірден телефонды қойып қойды. Аяна әбден мазақ қылып, оған қосыла менде күліп... Бір уақытта тоқтай сала ойландым. "Құрсын, көңіліне тиіп қалды ма екен, әлде менің жуан дауысымды естіп, жүрексініп қалды ма? Неге қойып қойды?"

Сол күйі сабаққа кіріп кеттік. Оның другвокругтен профилін ашып көрсем, жасы менен 8 жасқа үлкен екен. Үйленбеген. Ою өрнегі бар, ағаштан жасалған бұйымдарды салып қойғанына қарағанда, сондаймен айналысады. Сол күні ол маған әлі хабарласпады. Екі үш күн өткен соң, ол туралы іздестірдім. Қаланың шет жағында бір музейде Қазан айының 24 күні қолөнер бұйымдарын көрсетеді екен. Ойланбастан сонда барайын деп шештім.

Жалғасы бар...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу