Өлеңдер ✍️

  28.03.2023
  432


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Алғысым шексіз


Алғысым шексіз, жасаған жаратқанға,
Құлшылық үшін оятқан әр ақ таңда.
Жүрекке ауыр сан тағдыр салып беріп,
Ғайыптан көркем, бал күнді қалатқанға.


Алғысым шексіз, сырласым, досым құрбым,
Табыстыратын, түскенде хошың құрғыр.
Жоғалтып есті, сендерсіз алар м(а) едім?
Құдірет екен, шын досың, сосын бұл бір.


Алғысым шексіз, туған жер тұғырыма,
Жасатып өзің, алмасаң құрығыңа.
Білмеймін, қайда, кім болып жүрер едім,
Құндылық құйып өсірдің қылығыма.


Алғысым шексіз, әкешім анашыма,
Үйреткен, барар жолдарын бар асылға.
Базарда мынау, баяның, бейнет деп ең,
Расымен бүгін, ұл-қызың дала шыңда.


Алғысым шексіз, інілер-сіңлілерім,
Үлкендік жасап, тасыттым, сынның лебін.
Ащыда болса, жұтындың желге ермей,
Тектілік, тәңір жазған бұл, шын білерім!


Алғысым шексіз,дұшпаным қос тілекті,
Басымнан қызық, қиынды көшкін өтті.
Жылатып жүріп, жөн бердің, жалғаныма,
Болсаңда кәпір сүйейін, тосшы бетті..!


Алғысым шексіз, жыр өнер тілдесерім,
Жанымды менің емдейміз, бірде сенің.
Өлместей шипа береміз өзгеге де,
Екеуміз мәңгі, бойында бір көшенің.


Алғысым шексіз, адамдар табысқаным,
Көрмеген, көрген, жақыным, алыстағым.
Болсаңда қандай, қалпыңмен сүйіп өтем,
Адамдар ғана, өлшейді ырыс бағын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу