16.03.2023
  96


Автор: Шәууәл айы

Қаза оразаны бірінші ұстау керек пе, әлде Шәууәл оразасын ба?

Рамазан айында түрлі себептермен кей күндерін қаза етіп алған кісілер Шәууәл айында әуелі Рамазанның қазасын өтеуіне де, сонымен бірге Шәууәлдің алты күндік нәпілін ұстаса да болады. Рамазан оразасын толығымен ұстау – Алла Тағаланың бұйрығы, ал Шәууәл айында алты күн ораза тұту Пайғамбар сүннеті болғандықтан алдымен оразаның қазасын өтеу абзал. Себебі, адамның белгіленген ажалы айтпай келетіндіктен, алдымен парыз оразаның қазасын толық өтеп, нәпіл оразаны одан кейін ұстаған дұрыс.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу