16.03.2023
  179


Автор: Ораза

Денеге екпе (укол) салса, ораза бұзыла ма?

Негізінде, шариғат бойынша табиғи жолдар (ауыз, мұрын, тік ішек) арқылы ішке кірген нәрсе оразаны бұзады. Ал дене арқылы кірген нәрсе оразаны бұзбайды. Оған "терідегі ұсақ тесіктер арқылы май секілді заттың ішке кіруі оразаны бұзбайды" деген пәтуа дәлел.


Емделу және аурудың алдын алу мақсатында денеге (тері астына, бұлшық етке, жамбасқа, көк тамырға) ине шаншып, ішке ас-судың орнын баспайтын пенициллин, инсулин, екпе, дененің белсенділігін арттыратын, ауырсынуды басатын, денені мұздататын, дене қызуын кемітетін дәрілер мен дәрумендерді қолдану оразаны бұзбайды. Сондықтан ораза тұтатын адам алдымен дәрігерден екпенің қандай дәрі екенін сұрап білуі керек. Алайда, ораза кезінде екпе салу қатты қажет болмаса, оны ауыз ашқаннан кейін немесе Рамазан айынан тыс күндерге қалдырған абзал.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу