16.03.2023
  207


Автор: Ораза

Ауыз бекіткенде тіс пастасын қолдануға бола ма?

Ораза ұстаған адам ауызын тазалауына болады. Кей ғалымдар тіс пастасын қолданарда ішке кетіп қалмауын қадағалағанмен, оның дәмі, бәрібір, ауыз қуысында ұзаққа сақталып қалады. Сондықтан ораза ұстаған адамға тіс пастасы да мәкрүһ деген пікірде. Алайда оны қолдануға рұқсат, Тек ішке кетіп қалмауына көңіл бөлсін дейтін  ғалымдар да жоқ емес.  


Ішке кетіп қалу ықтималдығы болғандықтан, аузы берік кезде тіс пастасын қолданбаған абзал. Ал қолданғысы келген кісілер, ішке кетіп қалмау жағын қатаң ескергені жөн. Тіс пастасы ішке кетіп қалса, ораза бұзылады. Ең абзалы – тісті таң намазы кірмей тұрып жуу.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу