Өлеңдер ✍️

  04.03.2023
  1490


Автор: Еркін Оралбай

АНАЛАР МЕРЕКЕСІ

Құтты болсын мерекесі аналардың,
Отбасының ұйытқысы, даналардың.
Шын жүректен барлығымыз тілейікші,
Шаршамасын жүрсінші деп аналар тың.


Мерекесі жеңге, апа, қарындастың,
Бақыт сыйлап көктем гүлі бағын ашсын.
Аналарға Алла берсін мейірімін,
Шаңыраққа ұя салар қарлығаштың.

Көңілдерің бəйшешектей гүл жайнасын,
Көздеріңде шуақ шашып күн ойнасын.
Өздеріңе ұқсатамыз туған айды,
Нұрын төккен қара аспанға түн айнасын.


Құттықтайық барлығынын атап атын,
Тілейікші Қыз Жібектің махаббатын.
Көк теңіздің көбігіндей бақыт беріп,
Алла төксін мейірімді шапағатын.


Қажымаңдар мына заман уақытына,
Хан сарайдың балаймыз біз жақұтына.
Əр анаға тілеріміз денсаулық боп,
Ие болсын бала сүю бақытына.


Еркін Оралбайұлы



Мерекелеріңіз құтты болсын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу