03.03.2023
  439


Автор: Қадір түні

Я, Алла қабыл ет

Я, Аллахым қабыл ет, сұраймын мен,
Тақуалықты өзіңнен көңілге дем.
Қадыр түні қабыл ет дұғамызды,
Болатұғын қашанда жаныма ем.

Күнә жасар қылықтардан алыс ет,
Пәктік пенен жақсылыққа жақын ет.
Тазалық пен бақ-береке сұраймын,
Амандықты Жаратқаным сенен тек.

Сақтағайсың теріс ниет, пиғылдан,
Байқаусызда күнә жасар қимылдан.
Уа Аллахым Қадыр түні құтты боп,
Қабыл етсін, сәтін беріп сый қылған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу