03.03.2023
  402


Автор: Қадір түні

Құтты болсын Қадыр түн

Оразаның соңында бұл келетін,
Құтты болсын Қадыр түні ағайын.
Қадыр түні орындалсын бар тілек,
Таң шапағы сыйлап таңғы арайын.

Қадыр түнін күткен игі жамағат,
Болыңыздар әрқашанда саламат.
Қадыр түні мың айдан да қайырлы,
Жаныңызға жинап берер салауат.

Орындалсын осы түні тілектер,
Қадыр түні дүрсіл қағып жүректер.
Уа жаратқан жар бола түс баршаға,
Орындалып еткен аппақ ниеттер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу