Өлеңдер ✍️

  03.03.2023
  167


Автор: Қадір түні

Қабыл болар дұғаңыз

Қасиетті түнде бұл,
Қабыл болар дұғаңыз.
Қадыр түнін қарсы алып,
Дұға, тілек сұраңыз.

Қасиетті түн осы,
Мың айдан да қайырлы.
Осы түні дұға етіп,
Кетірейік уайымды.

Несібе, ризық көп болар,
Қасиетті бұл түнде.
Мың айдан да қадірлі,
Келе бермес ол күнде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу