Баталар ✍️

  08.02.2023
  165


Автор: 8 наурыз

Сегізінші наурыз құтты болсын!

Сегізінші наурыз бұл,
Құтты болсын кеп жеткен!
Жаратқаным жар болып,
Күн көп болсын нұрлы еткен!
Ертегі айтар әжелер,
Немересін ойнатсын!
Ақ жаулықты аналар,
Шаңырақты жайнатсын!
Ибалы боп келіндер,
Ата-енені тыңдасын!
Инабатты боп қыздар,
Адалдықты жырласын!
Бастарынан бақ кетпей,
Өмірлері жайнасын!
Ғұмырлары ұзақ боп,
Бұлбұл құстар сайрасын!
Арайлы таң нұр шашып,
Шапағына бөлесін!
Барша иманды адамдар,
Бірін-бірі демесін!
Оқушылар озат боп,
Сүйретсін білім кемесін!
Сыйластықтар артып бұл,
Азғындық еніп, келмесін!
Мейрамы нәзік жандардың,
Құтты болып, жандансын!
Тыныштық боп елімде,
Бар жақсылық арналсын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу