08.02.2023
  437


Автор: 8 наурыз

Мерекеңмен қарындас

Қарындасым бүгінгі,
Құтты болсын мерекең.
Арта берсін лайым,
Ынтымақ пен берекең.

Нұрын шашып әр көктем,
Жадырай түс, жайнай түс.
Қарындасым, еркетай,
Сәтті болсын әрбір іс.

Бақытты бол, күлімде,
Жарқырай түс күндей боп.
Әр жыл сайын көктемде,
Құлпыра түс гүлдей боп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу