Өлеңдер ✍️

  08.02.2023
  1437


Автор: Аңсар Бақытжанов

Адалдық

Адалдық арналған ол жандарға :


Екі туып бір қалғандарға.


Түбіне бәрі таяп қалған кезде


Адалдықты түсінеді адал ғана! 


 


Жанымды жазылған сен жаралама


Өмірімді ортасынан аралама


Түбіне бәрі таяп қалған кезде


Адалдықты түсінеді адал ғана!


 


Адалдар адал болып қалу үшін 


Арамдар отқа күйіп жану үшін 


Адалдыққа боламын мен адалы


Отқа күймей қалу үшін! 


 


Жанымды жаралаған жан қайда?! 


Іздегені оның тек бір пайда


Адал мен арамдық шыққан екен! 


Өмірде болсын деп бір майдан! 


 


Арам, адал болам деп тек мазала


Неге арам болдым мен деп


өз-өзіңді жазала


Жүректегі мұңды ешкім жеңе алмайды, 


Жазылған тек менің жарам ғана! 


 


Біреудің ойлағаны мардымсыз маза ғана


Мазаның орны жақында тазалама?! 


Өзің орынын тазаласаң


Дым калдырмай жақсылап тазалап ал! 


Аңсар Бақытжанов 


 


 


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу