Өлеңдер ✍️

  03.01.2023
  95


Автор: Қанипа Бұғыбаева

Мені іздейсің…

Жерде аналық,
Тауда аталық айбын бар,
Айбынымен қолын бұлтқа жәй бұлғар.
Қайда, қайда? қарғып озып барады,
Көшкен жұртқа, тастап мені ай жыл –
дар!..
Қиял ойдан, кенезем бір кепкендей,
Қасарысты, қыңыр тірлік бет бермей.
Шапақ шашып, батқан күндей жерге
бірҚимастарым, қиып мені кеткендей…
Басқа, тілек, уақыттың басқа әні,
Өкіншім өніп шығар тасқа әлі.
«Қызық думан»
«Ойын күлкі» «тамашам»
Біртін-біртін бәрі мені тастады.
Сарыжайлау қоңыртөбел күйге енем,
Қарасуық, қас қабақтан именем.
Жаз дәурендей тастап қашқан
жастықтың
Теріп жүрмін бүлдіргенін сиреген…
Қайталанбас, әрбір мезгіл,
қас қағым,
Қара шашқа қар бүркиді аспаным.
Көктеміме куә болған жұлдыздар
Күлімдейді… сырын біліп басқаның
Таңғы жұлдыз…
Жаза алмаспын, сендей-
жыр,
Сенсіз күйге, менің көңілім сенбей
жүр.
Қасарыстым. қараша үйден қараған
“Қарашаны” мойындағым келмей бір.
Барады, жер-ұясына ұяң күн,
Өмір саған сый беріп, мен
сый алдым.
Күн кешермін,
ұмыт болған
сезімнің,
Нәрін сорып, сүтін ішіп қиялдың…
Ай жұлдыздың сәулесі ғой кірпігі,
Кірпігіне үйлеседі жыр – тілі.
Дүние-кезек… мені артына
Тастаған
дүниені тастап кетем бір күні…
Сұлулықты шертпесе егер жыр тілі,
Тіршіліктің жетпейтіндей бір тілі.
Бұл өмірді тастап ұшып
кеткенде,
Мені іздейді найзағайдың
күркірі…
Мені іздейсің….. бір күні…
6/VIII-1991




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу