02.12.2022
  91


Автор: Фариза Оңғарсынова

«КӨЗІҢЕ ҚАРА»

Алды-артыңа қарап, абайлап жүр деген мағынаны білдіреді. Көбіне адамның алаңғасарлығына, алдында  түйе жатса да көрмей, құлап-сүрініп, аптығып жүретіндерге ренішпен айтылады.
Сыртта жолдас балалары күтіп тұрған Нариман анасынан сұранды да, рұқсат алғасын үйден шыға жүгірді.
Кішкентай Айнұр велосипедін дəл есіктің алдына тастап кеткен екен. Нариман соған сүрініп, оңбай құлады.
Тарсылдаған дыбысқа анасы шығып еді, Нариман тізесін ұстап, орнынан тұра алмай жатыр.
– Асығып-үсігіп тұра шаппа деп қанша айтам саған?!
Көзіңе қарасаңшы! – деп анасы ренжи сөйлеп, ұлын орнынан тұрғызды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу