02.12.2022
  252


Автор: Фариза Оңғарсынова

ТАНЫМАСЫН СЫЙЛАМАС

Елнұрдың үйінің жанына тоқтаған жеңіл машинадан орта жастағы адам түсті. Алыстан келгенге ұқсайды.
Елнұр есікті құлыптап, уəделескен балаларымен футбол ойнауға кеткелі жатыр еді.
– Кеңестің үйі осы ма? – деді əлгі кісі. Одырая қарап кетіп бара жатқан Елнұр:
– Осы. Бірақ үйде ешкім жоқ, – деді тоқтамастан.
Жол жақтан Елңұрдың əжесі Ажар да келіп жетті.
– Ойпыр-ау, Əділ нағашым ғой мынау! – деп Ажар апай қуана қол беріп жатты. Елнұр селтиіп тұрып қалыпты.
– Қарағым Ажар, мынау немерең бе, үйде ешкім жоқ  дегесін, түу алыстан іздеп келіп, өзіңді көре алмай кетем-ау деп тұр едім, – деп жолаушы шағын сөмкесін ала
берді.
– Танымасын сыйламас деген ғой, нағашеке! – деп Ажар апай Елнұрға қарады. – Кел, сəлем бер! Бұл –
Əділ атаң ғой, үлкен адамды танымасаң да, қарсы алмайсың ба?
Елнұр бағанағы қылығына ыңғайсызданған күйі жолаушыға қос қолын ұсынып амандасты да, есікті ашуға жүгіре жөнелді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу